Футзал

«Бұл барахолка кубогы емес»!

«Бұл барахолка кубогы емес»!
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков ҚФФ футзал департаменті ұсынған Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына арналған күнтізбеге үзілді-кесілді қарсы, деп жазады Prosports.kz.

«Футбол федерациясы 2020/21 жылғы ел чемпионатының регламентін қарастырып жатыр. 10 команда қатысады деп жоспарланған. Жоспар бойынша, барлық матч бір жерде өтеді. Әр команда екі күн қатарынан матч өткізеді және бір күн демалады.

Футзалда мұндай жағдай болмауы керек - бұл интеллектуалды компонент өте маңызды болатын ұжымдық спорт түрі. Мен ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі ретінде бұл шешімге қарсымын. Қазір мәселе талқыланып жатыр. Басқарма дұрыс дауыс береді деп ойлаймын.

Бұл үлкен тәуекел деп есептеймін. Қалай қатарынан сегіз кездесу өткізуге болады?! Мұндай жағдайда құрамы толық емес «Байтерек» бес матчтан әріге шыдамайды. Жаттығу жиынының өзі енді ғана басталды. Оның үстіне бір аптадан кейін ел кубогы да басталады.

«Қайрат» бұл режимде ойнай алады. Бірақ бұл дұрыс емес. Бұл «Барахолка» кубогы емес, Қазақстан чемпионатының кездесулері ғой. Біз УЕФА мен ФИФА ережелерін сақтауымыз керек», - дейді Оразбеков.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 2019/20 жылғы Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды. Алтын медальді алматылық «Қайрат» жеңіп алды. Ал екінші орын мен Чемпиондар лигасына жолда «Ақтөбе» клубына берілді.

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі кейінге шегерілді

Қазақстан Кубогы елордада өтеді

«Қайрат» АФК 2020/21 маусымына жасақталған команда құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер