Хоккей

Шпенглер кубогы COVID-19 пандемиясына байланысты өтпейтін болды

Шпенглер кубогы COVID-19 пандемиясына байланысты өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропадағы ең көне шайбалы хоккей клубтық турнирі - Шпенглер кубогы коронавирусқа байланысты биыл өткізілмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Денсаулық сақтаудың ең жақсы тұжырымдамасы болса да, біз үйреніп қалған хоккей жарысын өткізу мүмкін емес.

Қатысушы командалардың денсаулығы және олардың өз елдеріне мықты денсаулықпен оралуы әрқашан басты басымдық болып табылады. Біз бұған кепілдік бере алмаймыз», - деді Давостың бас директоры Марк Жанола.

Шпенглер кубогы Давоста 1923 жылдан бері өтіп жатыр. Сол уақыттан бері турнир тек 4 рет - 1939, 1940, 1949 және 1956 жылдары өткізілмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер