Руслан Мұсаев: Жаттығу жиындары басталатын күнді асыға күтіп жүрміз
Қазан айында дзюдодан Қазақстан командасы жаттығу жиындарына кіріседі деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда мүшесі Руслан Мұсаев жаттығу жиынын асыға күтіп жүрген спортшылардың бірі.
«Біз оқу-жаттығу жиындары басталатын күнді тағатсыздана күтіп жүрміз. Қазіргі сәтте үйде дайындалып жатырмыз. Барынша спорттық бабымызды жоғалтпасақ деген ойымыз бар. Жеке жаттықтырушыларымыз да біздің үйдегі жағдайымызды қадағалап отыр. Күн сайын өз денсаулығымыздағы өзгерістерді дәрігерге хабарлаймыз.
Көптен бері жарысқа қатыспағандықтан, татамиге шығатын күнді, турнир атмосферасы сағындым. Алдағы уақытта әлемдегі ахуал реттеліп, Қазақстан намысын абыроймен қорғаймыз деген ойдамын», - дейді Мұсаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или