Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдерінің өтетін орындары ауыса ма?

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдерінің өтетін орындары ауыса ма?
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) атқарушы комитеті жаңа маусымның екінші кезеңіндегі жарыс кестесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

- Әлем чемпионатын жоспарлағанымыздай өткізуіміз керек. Ал кейін қазан айында біз қаңтарда жоспарланған Оберхоф, Рупольдинг пен Антхольцтегі әлем кубогының кезеңдерінің тағдырын талқылаймыз. Сонымен қатар, қарашада Бейжің, Нове Место мен Холменколлендегі олимпиада алдындағы маусым туралы шешім қабылдаймыз, - деп атап өтті IBU өкілі Туре Бейгард.

Сондай-ақ, Бейжіңде жоспарланған олимпиадалық бақылау жарысы өткізілмеуі мүмкін, ал Холменколлен екінші рет әлем кубогының кезеңдерінсіз қалайын деп отыр. Егер осындай шешім қабылданатын болса, Нове Место (Чехия) әлем кубогының кезеңдерін қатарынан екі рет өткізеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер