Бақтияр Байсейітов: Грек-рим күресінен 77 келіде бәсекелестік жоғары
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, командадағы кішігірім өзгерістерді айтты.
Атап айтар болсақ, еліміздегі бірнеше балуан олимпиадалық салмақ саналатын 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне өткен.
«77 келіге дейінгі салмақта біз Олимпиада жолдамасын иелендік. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында Асхат Ділмұхамедов жартылай финалға жетіп, лицензияны қоржынға салған болатын.
Бүгінде бұл салмақтағы бәсекелестік арта түсті. Өйткені, қазіргі Азия чемпионы Темірлан Шадукаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, құрлық біріншілігінің жүлдегері Мақсат Ережеповтер осы салмаққа түбегейлі ауысты.
23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионы Диас Қалел мен тәжірибелі Асхат Жаңбыров та бар. Бұл жігіттердің барлығы да мықты. Жолдама жеңіп алған Асхат Ділмұхамедов та жаттығуды тоқтатқан емес.
Осы балуандардың арасынан нағыз бабында тұрған спортшыны келесі жылы Олимпиада ойындарына апарамыз. Бәсекелестіктің жоғары болуы жігіттерді тек шыңдай түседі», - дейді бас бапкер.