Дзюдодан Токиодағы әлемдік кезең өтпейтін болды
<span>Коронавирус пандемиясына байланысты (IJF) Токиода жоспарланған Grand Slam әлемдік кезеңінің өтпейтін болды. </span>
<span>Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. </span>
<span>- Covid-19 пандемиясының айналасында жағдайдың тұрақсыздығы мен Жапония Олимпиада ойындарын өткізетін ел екенін ескере отырып, IJF Жапониядағы іс-шараларды жоспарлауда аса сақтық танытуы керек. Сондықтан осы желтоқсанда Жапонияда өтеді деп жоспарланған Tokyo Grand Slam жарысын өткізбеу туралы шешім қабылданды, - делінген ресми хабарламада. </span>
<span>Аталған турнир 11-13 желтоқсан күндеріне жоспарланған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или