Елдос Жұмқанов: Жарыстың атмосферасын сағынғанымыз анық
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарына қазан айында кіріседі. Ұлттық құрама мүшесі Елдос Жұмақановтың айтуынша, биыл дзюдодан Азия чемпионаты өтуі мүмкін. Сондай-ақ, спортшылардың жарысты сағынғанын да жасырған жоқ.
<span>– Жоспар бойынша біздің оқу-жаттығу жиынымыз 12 қазанда басталады. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиынымыз болғандықтан тағатсыздана күтіп жүрміз.</span>
<span>Десе де, қазір спорт залдар мен жаттығу жасайтын нысандар ашық. Ұлттық құраманың бас бапкерінің арнайы тапсырмасы бойынша күнделікті жаттығуды уақытылы жасап жүрміз және де жеке жаттықтырушылардың қатаң бақылауындамыз.</span>
<span>Әлемдегі жағдай тұрақталса, биыл Азия чемпионаты өтуі мүмкін. Соған дайын болу үшін қазірден спорттық формамызды жоғалтып алмауымыз керек. Жарысқа қатысып, бәсекелестікті сезінбегелі де жарты жылдан асты. Турнирлердің атмосферасын сағынғанымыз анық, - дейді дзюдошы Елдос Жұмақанов. </span>