«Астана» Еуропа лигасынан шығып қалды

«Астана» Еуропа лигасынан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» Черногорияның «Будучность» командасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Қос команда бірінші таймда көп шабуылдағанына қарамастан тек қонақтар ғана гол соқты. 25-ші минутта «Будучность» ойыншысы Василие Терзич есепті ашты.

Екінші таймда «Астана» шабуыл өтінде өткір ойнай бастады. Алғашқы сәтте-ақ алаң қожайындарының соғатын мүмкіндігі болған. Алайда қақпашымен жеке дара шыққан Иван Маевский айласын асыра алмады.

Матч соңына дейін ел чемпиондары көп шабуылдағанына қарамастан ешқайсысы нәтижелі болған жоқ. Осылайша, «Астана» үшін еуродода аяқталды.

Еуропа лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Астана» (Қазақстан) – «Будучность» (Черногория) 0:1

Гол: 25' Терич

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) – Лука Шимунович, Урош Радакович, Евгений Постников, Дмитрий Шомко – Иван Маевский, Макс Эбонг, Рунар Мар Сигурьонссон – Тигран Барсегян, Дорин Ротариу, Пиерос Сотириу;

«Будучность»: Милош Драгоевич (Қ) – Неманья Секулич, Владан Аджич, Игор Чукович, Петар Вукчевич – Лука Миркович, Милош Раичкович, Василие Терзич – Петар Грбич (К), Игорь Иванович, Такис Мораитис;

«Қайсар» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер