«Қайсар» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

«Қайсар» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайсар» кипрлік АПОЭЛ командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Шымкентте өкен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. «Қайсар» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады.

Еурокубоктарға жыл сайын қатысатын, топтық кезеңдерде де жиі өнер көрсететін АПОЭЛ турнирдің дебютанты «Қайсарды» еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарып тастады деуге болады.

Бірінші таймда есеп 1:2 болды. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашқан. Асхат Тағыбергеннің алыстан жасаған жойқын соққысын қарсылас қақпашысы дұрыс қайтара алмады. Қақпашыдан кейін серпілген допқа бірінші болып жеткен Лобжанидзе еш қиындықсыз гол соққан. Бұл ойынның 6-минуты болатын.

Бірақ кипрлік тәжірибелі команда айылын жиған жоқ. Қатарынан екі гол соғып, есепте алға шықты. Қонақтар сапынан Де Винченти және Тухами атты ойыншылар мергендік танытты. Бірінші тайм қонақтардың басымдылығымен өтті.

Қонақтар екінші таймды да қарқынды бастады. «Қайсардың» сәтсіз шабуылынан кейін қонақтар үшінші голды соқты. Осыдан кейін қос команда бірнеше мәрте қауіпті соққы ұйымдастырғанымен бір гол ғана соғылды. Ойын аяқталар сәтте қонақтар тағы бір гол соғып кетті.

Алаң иелері сапынан екінші таймда да ең қауіпті сәтті Тағыберген жасады. Оның айып соққысын қақпашы бұрыштамаға жіберді. Қорытынды есеп 1:3 болды. Кипрлік команда Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына жолдама алды.

«Қайсар» - АПОЭЛ - 1:4 (1:2)

Гол соққандар: 1:0 – 6' Лобжанидзе, 1:1 – 15' Де Винченти, 1:2 – 25' Тухами, 1:3 – 48' Атзили, 1:4 – 90+4' Де Винченти.

«Қайсар» – Заруцкий, Әмірсеитов, Граф, Марочкин, Қаиров, Битанг, Нәрзілдаев, Тағыберген, Федин, Лобжанидзе, Колев

АПОЭЛ – Мигел Силва, Уилер, Рафаэл Сантос, Схелис, Нсуэ, Де Винсенти, Тухами, Захид, Ндонгаля, Сахар, Клонаридис.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер