Күрес

UWW жастар (U-23) арасындағы Әлем чемпионатын өткізбеуге шешім қабылдады

UWW жастар (U-23) арасындағы Әлем чемпионатын өткізбеуге шешім қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) Атқарушы комитеті биыл қазан айында Тампереде (Финляндия) өтуге тиіс еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатын өткізбеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz UWW веб-сайтына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, UWW Атқарушы комитеті күнтізбеде қараша мен желтоқсан айларына жоспарланған халықаралық жарыстарды өткізе береді. Алайда оларды ұйымдастырушылар қатысушылардың денсаулығын сақтауға қажет барлық санитарлық жағдайды қамтамасыз етуі керек. UWW ұсынған хаттамалар қайта қаралады.

Желтоқсан айының ортасында Белградта өтетін ересектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты ешқандай шешім қабылданған жоқ.

Фото: Unitedworldwrestling.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер