Күрес

Гюзель Манюрова: Лицензиялық турнирлер келесі жылы өтуі мүмкін

Гюзель Манюрова: Лицензиялық турнирлер келесі жылы өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарына қосылды. Бұрымды балуандар Ақмола облысында 30 қыркүйекке дейін жаттығу жиынын өткізеді. Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиыны туралы Olympic.kz сайтына сұхбат берді.

"Оқу-жаттығу жиынына біз команданың негізгі және қосалқы құрамын шақырдық. Жоспар бойынша жұмысымызды жалғастыра береміз. Биылғы маусымда осымен жарыстар болмауы мүмкін. Халықаралық бәсекелер өтетін болса енді бәрі, атап айтқанда, Олимпиадаға іріктеу турнирлары келесі жылға қалдырылады. Іріктеу кезеңіне қатыссақ барынша жолдама алуды басты мақсат санаймыз.

Ал ел ішіндегі жарысқа келер болсақ, биыл Қазақстан біріншілігінің де жағдайы жұмбақ. Өту, өтпеуі белгісіз. Жарыстардың тағдыры әлемдегі және Қазақстандағы пандемияның жағдайына тікелей байланысты.

Халықаралық жарыс күнтізбесі бойынша желтоқсан айында әлем чемпионаты жоспарланған. Өткізілу мәселесі жақын арада шешіліп, нақты жауабы берілуі керек", - деп атап өтті Гюзель Манюрова.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер