Jetisy FK

«Жетісу-Б» Бірінші лига жарысын жеңіспен бастады

«Жетісу-Б» Бірінші лига жарысын жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы ойыныңда «Жетісудың» екінші командасы Қарағандылық ​​«Шахтердың» фарм-клубына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Матч Талғардағы ҚФФ құрамаларының оқу-жаттығу базасында өтті. Алдымен Талдықорғандық команда өз қақпасына гол жіберіп алды, бірақ содан кейін ойынды өз қолына алып, төрт гол соқты. Нәтижесінде - 4:1 есебімен «Жетісудың» үлкен жеңісі тіркелді.

«Шахтер» қақпасына Рауан Орынбасар, Диас Қалыбаев және Едіге Оралбай (дубль) гол тойлады.

Финалдық ысқырықтан кейін «Жетісу-Б» капитаны Асхат Балтабеков маусымның алғашқы матчы туралы ойымен бөлісті:

«Мен барлық жанкүйерлерді көптен күткен чемпионаттың басталуымен құттықтаймын! Кездесу біз үшін сәтсіз басталды, стандарттан гол жіберіп алдық, бірақ бірінші таймның ортасына қарай өз ойынымызды тауып, екінші таймда өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алдық. Барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын! Енді бізге босаңсуға болмайды, күнтізбе өте тығыз, бізді өте қиын әрі қызықты ойындар күтіп тұр!»

- деді Асхат Балтабеков.

Келесі ойынын «Жетісу-Б» осы жұма күні, 18 қыркүйекте, өткен маусымда жоғарғы дивизионда ойнаған «Атырауға» қарсы өткізеді.

Дмитрий Огай «Оқжетпеске» қарсы негізгі құрамды таңдады

«Жетісу» - «Оқжетпес»: қарсыластық тарихы

«Жетісу» ФК барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды!

«Жетісу» «Қызыл-Жарды» жеңіп, сәтсіз сериясың тоқтатты



Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер