Басқа

Спорттық гимнастикадан халықаралық жарыстар басталады

Спорттық гимнастикадан халықаралық жарыстар басталады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық спорттық гимнастика федерациясы турнирлерді қайта жалғастырады.

Спорттық гимнастикадан жарыстарВенгрияда басталады. World Challenge Cup додасына қазірде 80-нен астам спортшы қатысуға өтініш білдірген. Халықаралық жарыс 2-4 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, аталған додаға Қазақстан ұлттық құрама командасы да қатысуға дайындалуда.

"Бұл сәтті біз ұзақ күттік. Жарыстардың Венгрияда басталатынына қуаныштымыз. Спортшылар жарысқа қайта оралуды тағатсыздана күтті. Венгриядағы ұйымдастыру комитеті жарыстың қауіпсіз әрі жақсы өткізуге барын салуда", - деп атап өтті халықаралық федерация президенті Моринари Ватанабе.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер