Футзал

Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік клубтағы алғашқы кубогын жеңіп алды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік клубтағы алғашқы кубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

«Норильский Никель» футзал клубы Ресей кубогы финалының екінші матчында «Газпром-Юградан» 1:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ алғашқы ойында өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткендіктен, қос кездесудің қортындысы бойынша Ресей кубогын жеңіп алды.

Аталған ойында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Лео «Норильский никель» сапындағы алғашқы ойынын өткізі. Ол ресейлік клубқа 5 қыркүйекте ресми түрде ауысқан болатын.

Айта кетейік, Лео мансабында «Тубарао-футзал» (2008), «Адэафи» (2009), «Қайрат» (2009-2016 , 2017/18) және «Спортинг» (2016/17, 2018-2020) клубтарында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер