Prosports.kz пен Transfermarkt ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Prosports.kz пен Transfermarkt ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайты немістің атақты Transfermarkt интерактивті порталымен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Біздің басылым беделді веб-сайтқа ақпараттық қолдау көрсетіп, отандық футбол клубтарымен байланыс орнатудың көпіріне айналады.

Transfermarkt, өз кезегінде, Prosports.kz-ке қазақстандық ойыншылардың трансфер нарығындағы құнына қатысты ең соңғы мәліметтерді және барлық жаңартуларды ұсынуды міндетіне алады.

Transfermarkt - футбол туралы барлық ақпараттарды қамтитын германиялық танымал веб-сайт. БАҚ-та жарнаманың таралуын анықтайтын ақпараттық қоғамның (IVW) мәліметі бойынша, ол Германиядағы ең көп қаралған 25 сайттың қатарына кіреді және kicker.de мамандандырылған футбол басылымынан кейінгі ең үлкен спорт сайты.

Жақын арада Prosports.kz сайтында Transfermarkt-тің қазақстандық бөлімшесінің басшыларымен сұхбат болады. Енді біздің басылымның оқырмандары шағын сауалнамаға қатысуға мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер