Әлем футболы

Месси «Барселонаның» жаттығуына тағы келмеді

Месси «Барселонаның» жаттығуына тағы келмеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубтың бүгін, 5 қыркүйекте өткен жаттығуына келмеді, деп жазады Prosports.kz.

Аргентиналық ойыншы 7 қыркүйекте өтетін командалық жаттығуға қатысады деп жоспарланып отыр. Месси жақында ғана «Барселонада» тағы бір маусымға қалатынын мәлімдеген еді. Ол каталониялық клуб сапында 2003 жылдан бері ойнайды.

Месси әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездескеннен кейін, командада қалу туралы шешім қабылдады. Ол енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады.

Айта кетейік, өткен маусымда Месси 44 матчқа қатысып, 31 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер