Әлем футболы

Неймар коронавирус жұқтырды

Неймар коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық шабуылшы ПСЖ клубы Неймардың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz француз клубыныңTwitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Клуб медициналық хаттама бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Сондай-ақ, коронавирус жартылай қорғаушылар Ленадро Паредес пен Анхель Ди Марияда да анықталды. Үш ойыншы да Ибицада демалып жатқан болатын. Мауро Икарди, Андер Эррера және Кейлор Навас та олармен бірге болған.

28 жастағы Неймар «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері ойнады, клубтың барлық турнирлерінде 85 матч өткізіп, 70 гол соқты және 41 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер