Серікбаев: Алғашқы жаттығу жиынын Шымкентте өткіземіз
<span>Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев карантиннен кейін балуандардың қайда жиналатынын айтты. </span>
<span>- Оқу-жаттығу жиындарын 20 қыркүйекте, Шымкент қаласында бастаймыз деген жоспар бар. Жиынға жалпы есебі 24 балуан қатысады. Негізінен, ұлттық құраманың бірінші нөмірлі балуандарына басымдық беріледі. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы дайындық кезеңі болған соң, спортшыларға көп ауыртпалық салмаймыз. Жалпы дене жаттығуына басымдық береміз деген ойдамын.</span>
<span> Ал халықаралық жарыстар бойынша нақты ештеңе айта алмаймын. UWW қыркүйек және қазан айындағы жарыстарды тізімнен түгел алып тастады. Желтоқсанда әлем чемпионатын ұйымдастырады деген сыбыс бар. Бірақ қазіргі жағдайды мұның қаншалықты орындалатынын болжау қиын,- дейді бас бапкер. </span>