2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

Швейцарияның Люцерн қаласында 2021 жылы өткізілуі жоспарланған Қысқы Универсиада белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

<span>Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті. Аталған шешім дүниежүзін алаңдатып отырған коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып отыр. Универсиада 2021 жылдың 21-31 қаңтар аралығында өткізілуі тиіс болатын.</span>

<span>Дүбірлі доданың қашан өтетіні жайында әзірге нақты шешім жоқ. Алдағы екі айдың ішінде мамандар бұған байланысты нақты шешім қабылдайтын болады.</span>

<span>Ал 2023 жылғы Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді деп жоспарланған. Ол 2017 жылы Алматы қаласында өткізілді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или