Хоккей

«Номад» екі шабуылшымен жаңа келісімшарт жасасты

«Номад» екі шабуылшымен жаңа келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшылар Андрей Яковлев пен Андрей Рунов «Номад» хоккей клубымег келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа келісімшартқа сай, екі спортшы да қазіргі командасында тағы бір жыл өнер көрсетеді.

Яковлев «Номад» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетеді. 2019/20 жылғы маусымда орталық шабуылшы ЖХЛ аясында 37 кездесуге қатысып, 14 (7+7) ұпай жинады.

Рунов «Номадқа» 2018 жылы ауысып келген. Өткен маусымда Андрей ЖХЛ-да 38 матч өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер