Хоккей

IIHF 2021 жылы Беларусьте өтуге тиіс әлем чемпионатын талқылады

IIHF 2021 жылы Беларусьте өтуге тиіс әлем чемпионатын талқылады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) вице-президенті Калерво Куммола Беларусьтегі қазіргі саяси жағдайды ескере отырып, жоғарғы дивизионда 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Prosports.kz Pressball.by сайтына сілтеме жасап.

Куммола баяндама жасап, Беларусьтегі саяси және эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Куммоланың сөзінің соңында IIHF президенті Рене Фазель: «Жағдай қалпына келе ме, жоқ па, екі аптадан кейін біз Беларусьтегі не болып жатқанын көреміз», деп түйіндеді.

Калерво сонымен қатар оның көзқарасы Беларусь өкілінің ұстанымымен мүлдем сәйкес келмейтінін айтты. Ол саясатты спортпен шатастырмау керек деген пікір айтты. Шенеунік Беларусьтегі саяси ахуал мен коронавирусқа деген көзқарас, сайып келгенде, Минскі чемпионатты өткізу құқығынан айыратынына сенбейді, өйткені елде осы спорт түрін дамытуға көп қаражат жұмсалған. Ол екі аптадан кейін не болатынын күтуге кеңес берді.

Еске сала кетелік, 2021 жылы хоккейден жоғарғы дивизиондағы әлем чемпионатын Беларусь пен Латвия астаналары - Минск және Рига қабылдауы керек. Қазақстан құрамасы да ең үздік командалардың турниріне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер