Бокс

Қоңқабаев: Олимпиадаға дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткіземін

Қоңқабаев: Олимпиадаға дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткіземін
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа не үшін ден қойғанын түсіндірді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Facebook желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегерінің айтуынша, басты мақсат - Олимпиада ойындарының алдында тәжірибе жинақтау.

- Ассалаумағалейкум, Қазағым! Қазақстан әуесқой бокс федерациясы мен бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Кенжебаев Ғалымбек Қалиұлының қолдауымен мен өзімді кәсіпқой бокста сынауға шешім қабылдадым.

MTK Global компаниясы маған Токиода болатын Олимпиада ойындарына дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуіме мүмкіндік беріп отыр. Бұл шешімімнің басты мақсаты - Олимпиада ойындарына дейін тәжірибе жинақтап, кәсіпқой бокстан әуесқой боскқа керек дүниені үйреніп, мықтырақ болып, Олимпиада шыңын бағындыру.Елдің үмітін, бігінгі күнге дейін Олимпиада ойындарына дайындап келе жатқан бапкерлеріміздің маған қойған үмітін ақтау.

Додалы жарысқа дейін бірнеше жекпе-жек өткізіп тәжірибе жинақтауыма, бұл шешім оң нәтижесін беретініне сенімдімін! Ұлттық құраманың капитаны ретінде, барша команданың атынан, бізге қолдау білдіріп, бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамын, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаевтың MTK Global ұйымымен келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокста өнер көрсететіні хабарланған болатын.

Қоңқабаев әуесқой бокста қала беретінін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер