Әлем футболы

Дзюба Ресей Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды

Дзюба Ресей Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей премьер-лигасының 2019/20 маусымындағы үздік футболшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл құрметті атаққа питерлік «Зениттің» шабуылшысы Артём Дзюба ие болды.

Сауалнамаға РПЛ командаларының капитандары мен жаттықтырушылары, Ресей құрамасының жаттықтырушысы Станислав Черчесов, Match Premier телеарнасының сарапшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Нәтижесінде 31 жастағы форвард жеңімпаз болып танылды.

Дзюба өткен чемпионаттың 28 матчында 17 гол соқты және 13 рет нәтижелі пас берген. Сонысымен «Зенитке» мерзімінен бұрын алтын медаль жеңіп алуға көмектесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер