Дзюдо

Жансай Смағұлов: Президент дұрыс шешім қабылдады

Жансай Смағұлов: Президент дұрыс шешім қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов инстаграм желісіндегі парақшасында елдегі карантин жағдайы туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Мен, Жансай Смағұлов, Қазақстан Республикасының дзюдодан ХДШС карантиннің созылуына байланысты өз ойымды айтқым келеді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін тағы екі аптаға созды. Бұл - дұрыс шешім. Тұрақты қиын жағдай әлі сақталып отыр. Коронавирус індеті қазақстандық - ерлер мен әйелдердің, жастар мен кәрілердің, атақты және қарапайым жандардың өмірін қиып жатыр. Қазақстан үшін бұл қиын уақыт. Халық қиындықты бастан кешіріп жүр, сондықтан бірігіп, бір-бірімізге неғұрлым көбірек көмек көрсетуге сіздерді шақырамын», - дейді Жансай Смағұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер