ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖАҚСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖАҚСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Талдықорған қаласында 200-ден аса балуан қазақ күресімен тұрақты түрде айналысады. Ұлттық өнерімізді ұлықтаушылар арасынан әлем чемпионы Тоқтар Қарқатеров шықты. 2017-ші жылы "Қазақстан барысы" турниріне Талдықорған атынан қатысқан Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер атанды, деп жазады Prosport.kz тілшісі.

Талдықорған ерлер құрама командасы күз айларына жоспарланған Алматы облыстық "Жетісу бөрісі" түйе балуандар сайысына қатыспақ. Олар бұған дейін өткен өңірлік сайытың көбінде жеңімпаз атанып, "Қазақстан барысы" республикалық туртирінде өнер көрсетті.

<picture><source type="image/webp" alt="Ерлан Иманғалиев. Таудағы дайындық " srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/207088_0f1ef6e6084c4de24f92a44d62f59437.webp" />Ерлан Иманғалиев. Таудағы дайындық</picture>

Ерлан Иманғалиев. Таудағы дайындық

ЕРЛАН ИМАНҒАЛИЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Жыл басынан бері біз бірқатар оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Карантин кезінде спортшыларды оқшаулап, үй жағдайында дайындалуға жібердік. Арнайы тапсырмалар бердік. Оның орындалуын қатаң қадағап отырмыз. Алдымызда  "Жетісу бөрісі" турнирінен бөлек, республикалық және халықаралық жарыстар бар. Осы бәсекелерде балуандарымыз жанкүйерлерін жабырқатпас үшін спорттық бабын жоғалтып алмауы керек.»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/207088_463b4a8ca4b94661c170faae96e3a330.webp" /></picture>

 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/207088_6a604fd615125e2fcb80b858935525ac.webp" /></picture>

Індет сейіліп, жарыс өткізуге рұхсат берілген жағдайда Талдықорғандық балуандар бабында болуы тиіс. Бұл жаттықтырушылар талабы."Жетісу бөрісі" турнирі мен Қазақстан чемпионатында алтын медальдан негізгі үміт Александр Касачев, Жәнібек Дүйсембаев және Елдар Мұқанға артылып отыр. Өйткені, бұл балуандар түрлі деңгейде өткен жарыстардан жүлдесіз қайтып көрмеген.

<picture><source type="image/webp" alt="Александр Касачев" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/207088_07e04d6c97675a0ebe97e3057918e17e.webp" />Александр Касачев</picture>

Александр Касачев

АЛЕКСАНДР КАСАЧЕВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ:

«Мен күніде дайындыққа 2 сағатымды жұмсаймын. Таңертең тұрып, 15 шақырым жүгірем. Кермеге тартылып, белтемірде жаттығам. Басты мақсатым "Жетісу бөрісі" турниінде топ жару. Бұған дейін бұл жарыста жеңімпаз атанғам. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында 100кг. салмағында күресуде жоспарымда бар»

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/207088_3e754b86a812b9053b694415d6483ffe.webp" /></picture>

Талдықорған қаласының жасөспірімдер және ардагерлер құрама командасы да үй жағдайында дайындалып жатыр. Бұл ұжымдар елішілік жарыстарда   үздіктер тізімінен көрінуді дәстүрге айналдырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или