Күрес

Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырғандарды емдеуге көмектесті

Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырғандарды емдеуге көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

Семей қаласында коронавируспен ауырып шыққан білім мекемелерінің басшылары иммундық плазма доноры болды. Олардың арасында электртехникалық колледж директоры Азат Сарпеков пен көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы, «Әлем барысы» жарысының екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы екі жетекші колледждің директорлары қауіпті дерттің барлық ауыртпалығын бастан өткізіп, коронавирусқа шалдыққандарға қол ұшын созып, онымен күрес жолына түспек болғандары жайлы баяндады.

«Дәрігерлердің арқасында аурудан толық жазылып шықтым. Бүгінде плазма доноры болу мүмкіндігі бар. Коронавируспен ауырған адам ретінде басқа адамдарға көмектесуге дайынмын. Менің қаным біреудің сауығып кетуіне көмегін тигізсе, тек қана қуанамын», - деп атап өтті А.Сарпеков.



Қалалық ақпарат орталығы Семей қаласының Қан орталығында COVID-19-ға антиденесі бар иммундық плазма даярлау үшін донорлар тізімі жасалып жатқанын хабарлады.

Иммундық плазма – адам қанының қандай да бір инфекциялық агенттерге қарсы антиденеден құралған бөлігі. Мысалы, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың плазмасында бұл аурумен күресуге көмектесетін антидене бар.

Коронавируспен ауырған адамдардың иммундық плазмасын қайта құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет қалыптасып, оған бұл дертпен күресуге көмектеседі.

Коронавируспен ауырғандардың бәрі бірдей иммундық плазма доноры бола алмайды. Плазманы даярлау үшін коронавирус инфекциясына антидене жеткілікті адамдар ғана донор бола алады. Иммундық плазманы қайта құю науқастарды емдеу және сауықтыру процесін жылдамдатады.

Еске сала кетейік, Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер