Месси ерекше көрсеткішке қол жеткізді

Месси ерекше көрсеткішке қол жеткізді

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 38-турында «Алавес» қақпасына екі гол соғып, осы маусымда Примерадағы голдарының санын 25-ке жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Осылайша, аргентиналық футболшы Примерада қатарынан 11 маусым бойы 25 голдан артық соғып шыққан.

2009/2010 жылғы маусымнан бастап ол Испания чемпионатында 380 гол соққан: 2009/2010 - 34 гол, 2010/2011 - 31, 2011/2012 - 50, 2012/2013 - 46, 2013/2014 - 28, 2014/2015 - 43, 2015/2016 - 26, 2016/2017 - 27, 2017/2018 - 34, 2018/2019 - 36, 2019/2020 - 25.

Осы маусымда 33 жастағы Месси «Барселона» сапында барлық турнирде 42 матчқа қатысып, 30 гол мен 26 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или