ММА

Асу Алмабаевтың жеңісті жолы. Видео

Асу Алмабаевтың жеңісті жолы. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Underdog.kz спорт агенттігі ең жеңіл салмақ дәрежесінде (56 келі) M-1 Global уақытша чемпионы Асу Алмабаевтың (11-2) мансабына арналған бейнежазба жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа бейнематериалда агенттік 26 жастағы файтердің ММА-ға дейінгі спорттық жолы, мансабы сондай-ақ оның ресейлік промоушенда қалай чемпион атанғаны бейнеленген.

Айта кетейік, Алмабаев ММА-дағы мансабын 2013 жылы өткен Rod Fighting турнирінде бастады. Содан бері жеті жыл ішінде файтер 13 жекпе-жек өткізіп, 11-2 көрсеткішін тіркеді.

Былтыр қазан айында өткен M-1 Challenge 105 турнирінде Алмабаев тамаша өнер көрсетіп, ең жеңіл салмақта (56 келі) уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Нұр-Сұлтанда өткен бес раундтық жепе-жекте Асу төрешілердің шешімімен канадалық Крис Келадесті жеңді.

Макгрегор MMA-де ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Асу Алмабаевтың мансабындағы ең үздік сәттер

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер