Әлем футболы

Ресми: «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатыса алады

Ресми: «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатыса алады
news-banner7
mobile-news-top

Спорт төрелік соты (CAS) «Манчестер Ситидің» апелляциялық шағымын қанағаттандырып, УЕФА-ның «қалалықтарды» еурокубоктардан екі маусымға шеттету туралы шешімінің күшін жойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, қыста УЕФА «Манчестер Сити» клубы қаржылық алаяқтық жасап, шығындарын жасыру үшін демеушілік келісім-шарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып көрсеткенін хабарлаған болатын.

Осы әркеті үшін шенеуніктер англиялық команданы 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына қатысудан шеттетіп, 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салуға шешім қабылдаған болатын.

Осыдан кейін «Манчестер Сити» апелляциялық шағым түсірді. Олардың шағымы ішінара орындалып отыр. Енді «Қалалықтар» еуропалық жарыстарға қатыса алады. Бірақ 10 миллион еуро айыппұл төлеуге тура келеді.

ХХІ ғасырда трансферге ең көп қаржы жұмсаған клубтар анықталды

Ла лига: 80 жыл сақталған рекорд жаңарды

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер