Стойчо Младенов «Таразбен» матч туралы: Жолымыз болмады

Стойчо Младенов «Таразбен» матч туралы: Жолымыз болмады
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младено Қазақстан Премьер-лигасының 3-турындағы «Таразға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Еске салайық, бұл ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын.

«Бұл ұзақ уақыт үзілістен кейінгі алғашқы ойын. Бірінші және екінші таймда команданың мүмкіндігі көп болды. Бірақ жолымыз болмады. Қалыпты жағдайды сақтау үшін футболшыларды ауыстырамыз. Қазіргі жағдай соны талап етеді. Бірақ бұл футбол. Бүгінгі матчта жақсы ойын көрсеттік», - деп келтірді Младеновтің сөзін клубы баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты елдегі эпидемиологиялық жағдайлар мен карантиннің күшейтілуіне байланысты қайтадан тоқтатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер