Қазақстан құрамасының 15 балуаны коронавирус жұқтырды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында (AIBA спорттық базасы деп те аталады) өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Karimzhan Live Telegram-арнасында хабарланды.
Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан <span>коронавирус инфекциясының </span>симптомсыз түрі табылғаны айтылады.
Сонымен қатар, Коронавирусқа тапсырған тесті терс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйіне қайтуына рұқсат етілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или