Алмат Кебіспаев: Жаттығу жиынында санитарлық талаптар қатаң сақталуда

Алмат Кебіспаев: Жаттығу жиынында санитарлық талаптар қатаң сақталуда

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда капитаны Алмат Кебіспаев біраз үзілістен кейінгі жиында санитарлық талаптар толығымен сақталғанын айтты.

<span>– Қазіргі таңда грек-рим құрама командасы Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынында. Барлық санитарлық талапты қатаң сақтай отыра, жаттығу жасап жатырмыз. Көп адам бірге жиналуға рұқсат етілмегендіктен, алғашында асханаға да түспей, асты бөлмемізде ішіп отырдық. Барлық жағдай қарастырылған, - дейді Кебіспаев.</span>

<span>Айта кетелік, жаттығу жиынына құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшылары мен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпиондары қатысуда. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или