ММА

Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабибпен жұдырықтасуға ниетті

Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабибпен жұдырықтасуға ниетті
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Александр Волкановски Хабиб Нурмагомедовпен жеңіл салмақта жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Австралиялық спортшы аталған жекпе-жек үшін салмақ ауыстыруға құлшыныс танытып отыр.

«Маған әртүрлі жаңа салмақ категорияларына ауысып жүретін адамдар ұнамайды. Бірақ Хабибпен жұдырықтасу бөлек әңгіме. Ол үшін өзім ұнатпасам да салмақ ауыстыруға дайынмын. Алдымен титулымды қорғауым керек. Егер келесі жылдың басында маған Хабибпен жекпе-жек өткізуді ұсынса, мен оны қуаны қабылдар едім.

Хабиб UFC тарихындағы ең үздік файтерлердің бірі. Сол үшін де оны құрметтеймін. Басқа да барлық файтерлерді құрметтеймін. Бірақ UFC-де бәрі өзінің мықтылығын дәлелдегісі келеді. Мен де өзімнің жеңіл салмақта да мықты екенімді көрсеткім келеді», - деді Волкановски.

Айта кетейік, Волкановски 11 шілдеде Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтетін жекпе-жек кешінде Макс Холлоуэймен кездесіп, титулын қорғайды.

UFC: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер