Таңатаров: Бала күнімде Мәулен Мамыров секілді тұғырда тұруды армандадым

Таңатаров: Бала күнімде Мәулен Мамыров секілді тұғырда тұруды армандадым

23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні. Бұл мерекені бүкіл спортшылар мен олимпиадашылар асыға күтуде. Себебі, спорттағы ең ірі бәсеке – Олимпиадада атой салуды әрбір атлет армандайды. Ал бұл арманға апарар даңғыл әр спортшының балалық шағында жатыр.

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров бала арманының қалай орындалғанын айтып берді.

«Менің үлкен спортқа, оның ішінде, күреске келуіме қазақтың даңқты балуаны Мәулен Мамыров себеп болды. Өйткені, бала күнімде Мәулен ағамыздың күресін көріп өстік. Мәулен Мамыров секілді Азия чемпионы атанамын, Олимпиада ойындарында үшінші орында тұрамын деген арманым болатын. 1996 жылы Мамыров Атланта Олимпиадасында қола жүлдегер атанғанда, мені ойын баласы едім. Теледидардан ағамыздың жеңісін көріп, мен де осындай чемпион боламын деп қиялдадым.

Бүгінде бала арманым шындыққа айналып, 2012 жылы Олимпиаданың қола жүлдегері, 2017 жылы Азия чемпионы атандым. Сол үшін барша жас спортшыларды армандауға, қазақтың олимпиадашы қыз-жігіттерін үлгі етуге шақырамын. Мен басқаны емес, өзіміздің батыр ағаларымыздың спорттағы жетістігін мақтан тұттым.

Олимпиададан жүлде алған, Олимпиадашы атанған қазақ балуаны ретінде баршаңызды бұл мерекемен құттықтаймын. Ешкім де чемпион болып тумайды. Барлық спортшыны тынымсыз еңбек күтіп тұр. Сол үшін аянбай тер төгіп, Олимпиада шыңына көтеріңіздер деген тілек айтамын», - дейді Таңатаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или