Әлем футболы

Зидан корольдік клубты 200-матчқа бастап шығады

Зидан корольдік клубты 200-матчқа бастап шығады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан испан грандының жаттықтырушысы ретінде 200-матчты өткізуге дайындалып жатыр. Команда жексенбіде Ла Лига асясында «Эйбармен» кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, аты аңызға айналған футболшы және жаттықтырушы мадридтік клубты айтарлықтай жоғары деңгейге жеткізген үшінші жаттықтырушы атанады. «Реалды» ең көп жаттықтырған бапкерлер - Мигель Муньос (605 матч) және Висенте дель Боске (235).

Зидан 199 матчта командасымен 131 жеңіске жеткен, 42 тең ойнап, 26 рет жеңіліске ұшыраған. Француз корольдік клубтың 10 кубок, соның ішінде Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңіп алды (орта есеппен 19.9 матчта - бір титулдан). Зидан басқарған «Реал Мадрид» 486 (орта есеппен 2,44) гол соғып, 209 голды қақпаларына жіберіп алған (орташа есеппен 1,05).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер