АСА матчмейкері Резников - Раисов дауына нүкте қойды
ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев ресейлік блогер Азамат Бостановқа көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сұхбат барысында Бадаев ауыр салмақтағы ACB ұйымының бұрынғы чемпионы мен қазақстандық үздік файтер Артем Резников арасындағы жанжалды егжей-тегжейлі талдады. Бадаевтың айтуынша, матчмейкерлер спортшыларға кездесудің 26 мамырда болатынын хабарлаған. Кейін Раисов өзінің наразылығын білдіріп, 8 тамызда төбелескісі келетінін айтты. Ал Резников жарақатына байланысты жекпе-жекті 8 қыркүйекте өткізуді ұсынды, Раисов мұны да құп көрмеді.
Қазіргі уақытта ACA лигасының матчмейкерлері кездесудің ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.
«Лига бұл жекпе-жекті ұйымдастыруды бастап та кетті. Мен Раисов пен Резников арасындағы жекпе-жек Александр Емельяненко мен Магомед Исмаилов арасындағы жекпе-жектен гөрі анағұрлым күштірек болуы мүмкін деп санаймын. Егер осы айқасты дұрыс насихаттасақ, ол да ғажап емес», - деп түйіндеді Бадаев.
Бұған дейін Юсуф Раисов Резниковты дайындалуға мүмкіндігі көп болуы үшін жарақатынан сылтауратты деп айыптаған.