Сауль Альварес Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтаспақ

The Atletic журналисі және инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, мексикалық Саульу Альварес украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тараптар арасындағы келіссөздер қазірдің өзінде басталып кетті және жекпе-жек шамамен 14 қыркүйекте өтуі мүмкін
Сонымен қатар, жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунт) өтеді. «Канело» британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Мексикалық басқа боксшылармен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр және ол Головкин емес. Қазақстандықпен арадағы трилогия 2021 жылға ауыстырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или