Александр Меркель мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Александр Меркель мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Голландиялық «Хераклеспен» қош айтысқан Александр Меркель мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Біздің басылымға белгілі болғандай, Александр Меркельге Премьер-лиганың көшбасшы командасының бірі қызығушылық танытып отыр. Әзірге нақты қай клуб екені белгісіз. Дегенмен тізімде «Қайрат», «Астана» мен «Тобыл» жоқ.

Tubantia.nl порталының мәліметінше, Александр Меркель голландиялық «Хераклеспен» келісімшарт мерзімін ұзартпайды. Бұған дейін Александр Меркельге мәскеулік «Локомотивпен» қатар бірнеше команда қызығушылық танытып отырған жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Александр Меркель мансабында италиялық «Милан», «Дженоа», «Удинезе» мен «Пиза», аустриялық «Адмира», немістің «Бохум», швейцариялық «Грассхопперс» пен англиялық «Уотфорд» командаларында ойнаған. Соңғы маусымды голландиялық «Хераклесте» өткізді.

Алексей Шпилевский: «Бәріміз - біріміз, біріміз - бәріміз үшін»

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер