Оңтүстік-Шығыс Азия чемпионы қазақстандық спортшының рекордын бұзуға ниетті

Оңтүстік-Шығыс Азия чемпионы қазақстандық спортшының рекордын бұзуға ниетті

Филиппин спортшысы Эрнест Обиена қазақстандық Игорь Потаповичтің сырықпен секіруден қойған рекордын жаңартуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

2019 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы Rappler басылымына берген сұхбатында 28 жылдан бері жаңартылмай келе жатқан Азияның рекордын (5,92 метр) бұзуға қауқары жететінін айтты.

– Шынымды айтсам, 6 метр биікке секіре аламын деп ойлаймын. Қолымнан келетінін білемін, тек осы жолда қалай еңбектеніп, деңгейімді ұстап тұру – проблема, – деді спортшы.

Айта кетейік, Игорь Потапович өзі қойған Азия рекордын үш мәрте қайталаған.

Фото: Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или