Әлем футболы

«Өлім» матчы

«Өлім»  матчы
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ливерпуль» мен испаниялық «Атлетико» арасындағы екінші матч коронавирус кесірінен көптеген адамның өлімін себепші болды, деп хабарлайды Prosports.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Британия Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің хабарлауынша, «Ливерпуль» - «Атлетико» матчын тамашалаған көрермендердің 41-і коронавирустан көз жұмған.

Матч 11 наурызда Ливерпульде «Энфилд» стадионында өтті және испаниялық клубтың жеңісімен аяқталды. Матчқа 52 267 көрермен қатысқан. Ол кезде Англияда да, Испанияда да коронавирустың таралу қаупіне байланысты ешқандай карантин енгізілмеген еді.

Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен Испанияны қосқанда 539 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Вирус 65 мыңнан астам адам өліміне себеп болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер