Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерді атады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКонор Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерлерді атады, деп жазады Prosports.kz.
Ирландиялық спортшы орта салмақтағы UFC чемпионы Андерсон Силваны тарихтағы ең үздік файтер деп санайды.
- Андерсон Силва - тарихтағы ең үздік файтер. Ал мен - екіншімін. Бірақ мен әлі белсенді жұмыс жасап жатырмын, мансабымның соңына дейін бірінші орынға шығамын. Бұл мен үшін еш қиын емес. Джордж Сен-Пьер үшінші орында тұр деп есептеймін. Бірақ ол бізден көп артта қалды. Джонс - төртінші үздік спортшы, үшінші болуы да мүмкін. Маған Джон ұнайды. Ол да белсенді әрекет етуде. Алда биік белеске көтеріле алады», - деп жазды Конор твиттер желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, Макгрегор UFC 246 турнирінде бірінші раундта Дональд Серронды нокаутпен жеңген болатын.