Әлем футболы

Беларусь чемпионатының тағы екі футболшысы коронавирус жұқтырды

Беларусь чемпионатының тағы екі футболшысы коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Беларусь чемпионатындағы «Торпедо-БелАЗ» командасының екі ойыншысынан Covid-19 вирусы табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы tribuna.com сайты хабардар еткен.

Дереккөздің хабарлауынша, қақпашы Владимир Бушма мен жартылай қорғаушы Михаил Афанасьев коронавирустан зардап шеккен. Бұлардан бөлек тағы екі ойыншы вирус жұқтыруы мүмкін.

Бүгін, 21 мамырда торпедолықтар Жоғарғы лиганың 10-турында «Неманмен» ойнауы керек.

Айта кету керек, Беларусь - коронавирус пандемиясына қарамастан, спорттық іс-шараларды тоқтатпаған жалғыз ел.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер