Басқа

Ильфат Абдуллин: Ұзақ үзілістен соң тезірек жаттығуға оралғым келеді

Ильфат Абдуллин: Ұзақ үзілістен соң тезірек жаттығуға оралғым келеді
news-banner7
mobile-news-top

Елімізде коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетілуде. Спортшылардың жаттығу жиынына қатысатын күндері де алыс емес. Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллиннің айтуынша, карантин атлеттердің дайындығына айтарлықтай нұқсан келтірген. Бірақ бұл кезеңнің де өзіндік пайдасы болғаны анық.

«Жақын арада жаттығу жиынының басталатыны қуантады. Карантин менің физикалық дайындығымды біраз әлсіретті. Алайда, ішкі энергиямды қалыпқа келтіріп, психологиямен жұмыс істедім. Өз қателіктерімді саралап, жоспарларыма өзгеріс енгіздім. Мұндай ұзақ үзілістен соң кеудемде күш қайнап тұр. Енді жаттығуды бастап, тезірек жарысқа қатыссақ деген мақсат бар. Әрине, отбасыңмен бірге болған өте керемет. Біраз кәсіби спортшы болған соң ағза үнемі қозғалысты талап етеді. Осынша уақыт жарысқа қатыспай, үйде отыру маған қолайсыз», - дейді спортшы.

Айта кетелік, елдегі төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер