Хоккей

Ресей басылымы: ҚХЛ-да Михайлиске кез-келген құрамнан орын табылады

Ресей басылымы: ҚХЛ-да Михайлиске кез-келген құрамнан орын табылады
news-banner7
mobile-news-top

Championat.com журналисі Владислав Лебеденко қазақстандық «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлисті ҚХЛ-дың кез-келген клубы өз қатарында көргісі келетін шектеулі еркін агент мәртебесі бар үш ойыншының бірі деп атады.

«Назар аударуға әбден лайықты кем дегенде үш ойыншы бар: «Металлург» Алексей Береглазов, сібірлік Николай Демидов және «Барыс» командасынан Никита Михайлис.

Никита небәрі 24 жаста, ол екі маусым қатарынан 30 ұпай жинап, 15 голды соқты. Михаилис сияқты ойыншы кез-келген топ-командаға сіңісіп кете алады. Өтемақы төлеумен бірге оның құны 50 миллион рубльден асуы екіталай», - деп жазды Лебеденко өз мақаласында.

2019/20120 маусымда Никита Михайлис ҚХЛ-дың тұрақты маусымының 60 матчында 32 (17 + 15) ұпай жинады. Жалпы, ол ҚХЛ-да 236 матч өткізіп, 97 (45 + 52) ұпай жинады.

Еске салайық, 2020/2021 маусымынан бастап қазақстандық хоккейшілер Ресейдің КХЛ клубтарында легионер ретінде қарастырылмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер