Футзал

Алматылық клубпен қош айтысқан футзалшы команда мен жанкүйерлерге алғыс білдірді

Алматылық клубпен қош айтысқан футзалшы команда мен жанкүйерлерге алғыс білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Иран футзалшысы Хоссейн Тайеби, «Қайрат» АФК-мен жаңа келісімшартқа отыра алмады. Әмбебеап ойыншы алматылық клуб пен жанкүйерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат »футзал клубының керемет жанкүйерлеріне, Қазақстан Республикасына және ғаламат «Қайрат» футзал клубына соңғы төрт жыл ішінде клубтың мүшесі болуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс айтамын. Сіздер мәңгі менің жүрегімдесіздер», - деп жазды футзалшы өзінің Инстаграмдағы парақшасына.

Еске сала кетелік, Хосейн Тайеби «Қайрат» сапында футзалдан ел біріншілігінің үш мәрте (2016/17, 2017/18, 2018/19) және Қазақстан Кубогының (2016, 2017, 2019) үш дүркін жеңімпазы, сонымен қатар ҚР Суперкубогын екі рет (2017, 2019) және Еременко кубогын екі рет (2017, 2018) иеленген.

Сонымен қатар, ирандық футзалшы Алматылық клубпен УЕФА кубогының 2016/17 қола, ал УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018/19 маусымындағы күміс жүлделеріне ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер