Дзюдодан әйелдер құрамасының ОЖЖ-на санаулы адам қатысады

Дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Бірақ коронавирус індетінен сақтану шарасы бойынша оған санаулы адам қатысады. Бұл туралы ҰОК сайтына бас бапкер Ерлан Алпысбаев айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы 26 мамыр күні карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Алматы облысында өтетін жиын 12 маусымға дейін созылады. Одан кейін 26 маусымнан 7 шілдеге дейін Алматы қаласында орналасқан Дзюдо академиясында жаттығуды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, барлық жиында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Спортшылардың қауіпсіздігін ескере отырып, алғашқы оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрамадан 10 дзюдошы шақырылады», - дейді бас бапкер Ерлан Алпысбаев. </span><br /><br />