Әлем футболы

«Реал» мен «Арсенал» шабуылшыларын ауыстырады

«Реал» мен «Арсенал» шабуылшыларын ауыстырады
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» пен «Арсенал» өзара шабуылшыларын ауыстыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін мадридтік клубтың «Арсенал» ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянгқа қызығушылық танытып отырғаны белгілі болған. Ал лондондық команда «Реалдың» шабуылшысы Лука Йовичті қатарға қосқысы келеді.

Йович 22 жаста, ал Обамеянг 30 жаста. Бірақ бұл сауданың сәтін келтіретін бір себеп, сербиялық ойыншы «Реалда» өте сәтсіз өнер көрсетіп жүр. Бір маусымда бар болғаны екі гол соқты.

Ал Габон құрамасының ойыншысы жасы сәл ұлғайғанымен бабынан тайған жоқ. Соңғы екі маусымда «Арсенал» сапында 51 гол соқты.

Оның үстіне Обамеянг пен «Арсеналдың» келісімшарт мерзімі аяқталуға 13 ай қалды. Егер жаңа келісімшарт жасалмаса, 30 жастағы шабуылшы 2021 жылы қаңтардан бастап өзіне жаңа клуб іздеуге құқылы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер