Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан құрамасы екі жаттығу жиынын өткізбек

Дзюдодан Қазақстан құрамасы екі жаттығу жиынын өткізбек
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылып, спортшылар жаттығуға қайта кіріспек, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Дзюдодан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, жаттығу-жиынында барлық санитарлық талап қатаң сақталады. «Карантиннен кейінгі алғаш рет жаттығу-жиынына кіріскелі отырмыз. Біздің жоспар бойынша, 27 мамыр – 8 маусым аралығында Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында жиналамыз. Одан кейін 17 маусым мен 1 шілде аралығында екінші жаттығу-жиынын өткіземіз. Ұзақ үзілістен кейін құрама екі жиынды қатарынан өткізеді. Әрине, қазіргі жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық талап қатаң сақаталады. Себебі, біз үшін спортшылардың денсаулығы, олардың амандығы бірінші орында», - дейді Айдын Смағұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер