Бокс

Бокстан әлем чемпионы ұрыны құрықтады

Бокстан әлем чемпионы ұрыны құрықтады
news-banner7
mobile-news-top

Немістің әйгілі боксшысы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Доминик Безель Фрайбургте қылмыскерді ұстап,тұтқындауға көмектескен, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы дүкеннен бір ер адамның шығып, қашып бара жатқанын көріп қалған. Доминик ұрыны қуып жетіп, оны қосымша құрал пайдаланбай-ақ ұстап алды. Белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам темекі дүкеннен темекі ұрлап кеткен.

Доминик Безель - IBO салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және WBA уақытша әлем чемпионы, EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы. Ол өткен жылдың қараша айында швед боксшысы Свен Форнлингті 11-раундында нокаутқа түсіп, әлем чемпионы титулын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер