Ғалымбек Кенжебаев: Оқу-жаттығу жиынында барлық санитарлық талап сақталады

Ғалымбек Кенжебаев: Оқу-жаттығу жиынында барлық санитарлық талап сақталады

Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы 25 мамыр күні оқу-жаттығу жиындарын өькізуді бастайды. Бұл туралы республикалық бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жиын төтенше жағдай режимі кезіндегі ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу болмақ.

<span>– 25 мамыр мен 12 маусым аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жаттығу арнайы физикалық дайындық бойынша өтеді. Жиынды барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткіземіз. Біз жоспарлап отырған жаттыүу-жиынына ұлттық құрамадан 30 спрортшы шақырылады. Төтенше жағдай кезінде спортшыдар үйлерінде дайындалып, қашықтан онлайн жаттығу жасап жүрдік.</span>

<span>Елде төтенше жағдай режимі тоқтатылған соң 25 мамыр күні жаттығу жиынымызды бастаймыз. Әрі қарай шекараның ашылғанына байланысты жоспар құрамыз. Қазіргі таңда Өзбекстан, Уркина және Ресей құрамаларымен бірге бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар, күзде Қазақстан чемпионатын өткіземіз. Сондай-ақ, біздің жоспар бойынша Асқар Құлыбаев атындағы додаға спортшыларды қатысуға шақыра аламыз.</span>

<span>Ал құраманың басқа да әлемдік жарыстарға қатысуын халықаралық жарыс күнтізбесіндегі өзгерістер бойынша қадағалаймыз, - дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или